$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент: Дендросаябақта Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мерекеленді

Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. БҰҰ-ның шешімімен қоршаған ортаны қорғау күні болып бекітілген. Бүгінде бұл күнді әлемнің 150 елі атап өтеді. Сонымен қатар эколог мамандардың кәсіби мейрамы да. Аталмыш қызмет елімізде 30 жыл бұрын құрылған. Айтулы датаға орай Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта салтанатты шара ұйымдастырылды. Табиғат жанашырларына арналған мерекелік жиынға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, халықты қоршаған ортаны қорғауға шақырды.

– Бұл мерекенің Шымқала үшін маңызы ерекше. Өйткені біздің Шымкент – жасыл желекке оранған, көгалды қала. Біз әр жылы 100 мыңға жуық ағаш, 2 миллионнан астам гүл егеміз. 11 саябағымыз бар. Биыл 40 жыл толғалы отырған Дендросаябаққа қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Бұл – тарихи сәт, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

Шаһар басшысы қаланың әрбір тұрғынын ағаш егіп, оны күтіп-баптауға шақырды. "Әр адам үшін 1 жылда 1 ағаш егілсе, 1 миллион ағаш өсіп, қаланы көгалдандыруға үлес қосар еді. Алла тағала сол ағаштарды біздің ұрпағымызға аман-есен жеткізсін".

Саябақтың сахнасында экологиялық орталықтың, мектеп пен балабақшаның қатысуымен мерекелік концерт өтті. Табиғат жанашырларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді. Сондай-ақ саябақта "Шымкент Плаза" сауда орталығының демеушілігімен балалар алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары