Асанбай Асқаров атындағы дендрология саябағынан бүлдіршіндердің шат-шадыман күлкісі естіледі. Себебі, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салынған орында жазғы демалыстағы балалар өз уақытын көңілді өткізіп жатыр. Бір ерекшелігі, бұл алаңқайдың салу жұмыстарына құрылысшылар тартылмаған.
«Балалар алаңшасының барлық жұмыстарын біздің қызметкерлер өз қолдарымен атқарған. 40 түп тал ектік. Алдағы уақытта біз кесте бойынша сенбілік өткізіп, өзіміз келіп, күтіп-баптаймыз деп айта аламын» дейді «Shymkent plaza» сауда-ойын-сауық орталығының директоры Марат Қалдыбаев.
Бұдан бөлек «Shymkent plaza» сауда-ойын-сауық орталығының басшылығы дендросаябақ аумағына алдағы уақытта абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ересектерге арналған жаттығу орындары мен балалар алаңшасын салуды да жоспарлап отыр. Бұл ұсыныстары қала басшылығы тарапынан да қолдауға ие болыпты.
«SN.kz»-ақпарат.