Іс-шара барысында аталған көшелерді 20 учаскелік полиция қызметкері және 6506 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан» сарбаздары тұрақты түрде бекітіліп, аралауды бастады. Сонымен қатар әрбір пәтер иесін анықтап, жол бойында кілт айналдырып тұрған 4 тұлғаға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 449-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табады. Бұл өз кезегінде қаланың дамуына, қауіпсіздігіне және санитарлық тазалығына септігін тигізетіні сөзсіз.
«SN.kz»-ақпарат.