$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте Жастар мәслихатына кандидаттардан құжат қабылдау басталды

Жуырда Шымкент шаһарында жастардың қалауын, ықтиярын қала билігіне жеткізетін өкілдік жасақталмақ. Жастардан құралатын халық қалаулылары жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Көпшіліктің дауысы арқылы Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары «Жастар мәслихатына» сайлауға түседі. Бұл туралы Жастар ресурстық орталғында өткен баспасөз жиынында басшының міндетін атқарушы Нұрдәулет Тәңірберген мәлімдеді.

Жастарға бағытталған жаңа өкілдік құру туралы мәселе қалалық қоғамдық кеңестің үшінші отырысында ұсынылған. Аталған басқосудан табылған халық қалаулыларымен қатар қала әкімі де бұл ұсынысты қолдаған. Ал Жастар ресурстық орталығы – осы бағдарламаның үйлестірушісі.

– Сайлау екі кезеңде жүзеге асады. Кандидаттардан құжаттарды қабылдау 3-12 маусым аралығында жүреді. Сондай-ақ сайлау комиссиясы «Instagram» әлеуметтік желісінің «resurstyq_ortalyq» парақшасында кандидаттардың бейнероликтерін жүктейді. Нәтижесінде бейнеролик 2000 онлайн лүпіл жинауы қажет.

Егер түрлі себептерге байланысты әлеуметтік желіге тіркелмеген азаматтар болса, олар 500-ден аса қол жинау керек. Есекеретіні бұл жерде тек лайк шешпейді. Жастардың сауаттылығы, қоғамдық жұмыстарға атсалысуына да жіті мән беріледі, - дейді Н.Тәңірберген.

Ал 13-15 маусым күндері үміткерлерге дауыс беру «Telegram» (t.me/jastarmaslihaty) әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылады. Дауыс беру нәтижесінде «Жастар мәслихатына» 29 депутатты, ал резервке 11 депутатты көпшілік дауыспен анықтайды. Аталған тәртіптің заңдылығын сайлау комиссиясы қадағалайды.

Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығының мамандары көрсетілген 10 күннің ішінде қажетті құжаттарды «Google» формасы арқылы онлайн түрде қабылдайды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары