07.06.2019, 16:00

Шымкентте сыртқы жарнамалар ретке келтіріліп жатыр

Шымкент қаласының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан коммерциялық нысандарда және сауда орындарының ғимараттарында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаларды ретке келтіру мен аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында арнайы іс-шара өтті.

2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, бұл шара Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарының, жергілікті полиция басқармасы мен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлерінің бірлесуі негізінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудан аумағындағы Жангелдин, Айбергенов, Республика көшелерінде орналасқан коммерциялық нысан иелеріне ҚР «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 508-бабының 11-бабына және ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V1 ҚР3 кодексінің 603-ші және 605-ші баптарына сәйкес заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

«SN.kz»-ақпарат.