$ 449.3  489.69  4.89

Шымкент: Қала күніне орай батпырауықтар фестивалі ұйымдастырылды

Шымкент шаһарының аспанында жүздеген батпырауық қалықтады. Қала күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік» саябағында "Жастық шақтың аспаны" атты батпырауықтар фестивалі өтті. Мұндай шара қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оқу жылын аяқтап, демалысқа шыққан балалардың жазғы маусымын қызықты өткізуге атсалысу. Іс-шараға қатысқан №3 және №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен 50 бүлдіршінге демеушілер есебінен 200 тегін балмұздақ пен түрлі-түсті батпырауық таратылды.

Сонымен қатар балақайларды кәсіби аниматорлар мен қуыршақ театрының әртістері де қуантты. Зияткер жастарға шахмат ойындары ұйымдастырылған. Жалпы, фестивальге жиналған 500-ге жуық балдырған мен ересектер ұзындығы 20 метр болатын түрлі-түсті батпырауықтардың әсем көрінісін тамашалап, балалық шаққа саяхат жасады.

Айта өтейік, батпырауық фестивалін өткізуге 20-ға жуық кәсіпкер атсалысқан. 

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары