Қоғам 19.06.2019 сағат 20:41

Шымкент: Қала күнінде 10 адам "Құрметті азамат" атанып, марапатталды

Шаһарда Қала күніне арналған "Шырайлы Шымқалам!" гала-концерті өтіп жатыр. Салтанатты кеште қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов он адамға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.
Шымкент: Қала күнінде 10 адам "Құрметті азамат" атанып, марапатталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Құрметті азаматтар" тізімі:

1. Үмбеталиев Кеңес Үмбеталиұлы. 20.01.1932 жылы ОҚО, Ордабасы ауданы, Ермоловка ауылында туған. «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.

2. Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы. 06.04.1953 жылы ОҚО-да туған. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы кооперативінің президенті, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

3. Романова Наталья Сергеевна. 19.07.1957 жылы ОҚО, Шымкент қаласында туған. Шымкент қаласының білім басқармасының «Оқушылар сарайы» КММ директоры.

4. Хашимжанов Икрам Акрамұлы. 22.10.1957 жылы, ОҚО-да туған. Қазақстан Республикасының өзбектері этно-мәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы.

5. Сәрсенов Хайрулла Амантайұлы. 28.04.1959 жылы ОҚО, Шымкент қаласында туған. «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ Шымкент филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

6. Омаров Абдурашит Керизбайұлы. 27.05.1961 жылы Шымкент қаласында туған. «FerrumVtor» ЖШС-нің құрылтайшысы.

7. Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы. 20.10.1961 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директоры.

8. Төлбасов Серік Қарабекұлы. 17.09.1965 жылы Қызылорда облысында туған. «TS Development» ЖШС құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы.

9. Молдасеитов Қайрат Құсейнұлы. 18.01.1967 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында туған. «Отау Групп» компаниясының президенті, Түркістан облысы мәслихатының депутаты.

10. Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы. 25.02.1989 жылы ОҚО, Түркістан қаласында туған.
Қазақстан эстрадасының әншісі.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар