$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент: Ассамблея мүшелері Арыс қаласынан эвакуацияланған азаматтарға көмек көрсетіп жатыр

Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы Ассамблея мүшелері Арыс қаласынан эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Бүгін таңертеңнен бері Шымкенттегі №53, 56, 61, 122, 26 мектептерде, №1 саңырау балаларға арналған интернатта орналасқан 821 адамға ыстық тамақ, азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар жіберді.

Сонымен қатар осы эвакуациялық бекеттердегі 180 балаға құрғақ сүттер мен жөргектер жөнелтті. Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында орналасқан штабта Арыс қаласынан уақытша көшіп келген 22 азаматқа жекелей азық-түлік беріліп, 300 адамға арналған жатын орын дайындады. Қазір 10-нан астам адам эвакуациялық бекеттерге жайғастырылды.

Тәулік бойы жұмыс істеп жатқан штабқа Ассамблея мүшелерімен қатар еліміздің және өңіріміздің көмек көрсетуге ниетті тұрғындары хабарласып, қолдау білдіруде. Эвакуациялық бекеттердегі азаматтардың сұранысына сай ҚХА штабы қазір тұрмыстық қажетті заттарды (сабын, тіс пастасы, сүлгі, жөргек, жаңа киім-кешек) жинауға ерекше мән беріп отыр.

Штабтың мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көш, 9/4 «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты. Штабтың телефоны: 21-35-40 (тәулік бойы жұмыс істейді).

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары