Қоғам 25.06.2019 сағат 12:32

Шымкент қаласындағы арнайы 15 эвакуациялық жинақтау пунктінде жағдай бірқалыпты

Көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік, киім-кешек пен ас-ауқат жеткізілген. Аталған орындарға Шымкент қаласы еріктілер корпусынан 500 адам жұмылдырылған.
Шымкент қаласындағы арнайы 15 эвакуациялық жинақтау пунктінде жағдай бірқалыпты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Олар физикалық тұрғыда азаматтарға қол ұшын беріп, оқыс оқиғада ата-анасынан көз жазып қалған бүлдіршіндерді іздестіруге атсалысып жатыр. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, оның ішінде, психолог, социолог, заңгер сынды мамандар халықпен тығыз жұмыс істеуде. Ал көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізгісі келгендер «Көрме» орталығына алып барғаны жөн. Заттар мұқтаж жандарға сол жерден таратылады. Яғни Түркістан қаласы, Отырар, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш пен Ордабасы аудандарына сол жерден қажетті заттар жіберіледі.

Төменде аталған аудандардың жауапты өкілдерінің байланыс нөмерлері көрсетілген.

1. Түркістан қаласы. Ақмарал Батырбекова – 8701-606-62-72

2. Шардара қаласы. Ақшагүл Бердалиева – 8778-188-19-65

3. Отырар ауданы. Жанат Мұсатаева – 8771-795-60-60

4. Қазығұрт ауданы. Асан Үсенбаев – 8705-868-15-65

5. Сарыағаш ауданы. Бауыржан Майрыхов – 8707-779-19-74

6. Ордабасы ауданы. Шұға Тұрабаева – 8778-403-90-00

Сондай-ақ бір тәуліктен бері абыр-сабырға түскен балалардың көңілін аулау мақсатында сағат 14:00-де ертегі кейіпкерлерінің образына енген аниматорлар №87 мектепте (эвакуациялық жинақтау пунктінде) арнайы бағдарлама әзірлемек.

 «SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар