$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру басталды

2019-2024 жылдарға арналған бағдарлама әзірге тек Еңбекші ауданында жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің тапсырмасына сай алдағы уақытта қаладағы өзге де аудандарды қамтитын бағдарламаның тиімділігі көп.

Тоғыс елді мекеніндегі спрот алаңшасының ерекшелігі – 4,5 мың шаршы метр аумақта кіші футбол, волейбол, баскетбол және балалар алаңы мен жеңіл атлетикаға арналған жолақ салынады. Мердігерлер тап осындай құрылысты Еңбекші ауданындағы Шымкент қаласының аумағына Төлеби мен Сайрам аудандарынан қосылған 16 елді мекеннің 70 пайызына жасайтын болады.

Бүгінде 70 балалар алаңшасын салу жоспарланған. Ол үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланыпты.

Бағдарлама арқылы биыл Еңбекші ауданы бойынша жаңа 33 спорт алаңшасы салынып, ескі 25 алаңша қайта жөндеуден өткізіледі. Оған қоса 8 тренажер алаңы жасақталып, бұзылған 5 жаттығу алаңы қайта жаңғыртылады. Одан бөлек қосымша 20 балалар алаңшасы салынады деп жоспарланып отыр. Осы 5 жылға арналған бағдарламаға бюджеттен 1 миллиард 210 миллион теңге қаражат қаралған. Аудан басшылығы тағы 70 алаңшаның ЖСҚ-ын даярлап қойыпты.

Бағдарлама төрт ауданда да толығымен іске асырылған соң, қаладағы спорт және балалар алаңшаларына жауапты мекеме анықталады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары