27.06.2019, 11:36

Шымкентте «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Шымкент қаласы аумағында 2019 жылдың 24-27 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикациялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Сондай-ақ зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Акция барысында отбасы жанжалдары кезінде өңірлерде сенім телефондары мен қауырт желі жұмыс істейтіні және дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа мағлұматтар жеткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңы насихатталды. Осы мақсатта қалың бұқара жиналған орындарда халықпен кездесулер өткізілді. Соның бірі қала орталығынан шалғай орналасқан Сайрам елді мекенінде отбасы жанжалдарының алдын алу мақсатында Қаратау АПБ қызметкерлері, аудан прокуратурасының аға прокуроры Б.Тұяқбаев, аудан әкімінің бөлім басшысы Бердибекова, қала әкімінің жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Самғау-сенім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы А.Сарыбаева, қаланың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Г.Мамбетова, «Сана-сезім» үкіметтік емес мекемесінің маманы С.Сағынбектермен бірлесіп, көпшілік шоғырланған орталарға барып, кездесулер, жолда қабылдаулар өткізіп, олар ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы толық мағлұмат жазылған кітапшалар таратылды.

«SN.kz»-ақпарат.