$ 445.66  474.58  4.78

Шымкенттен арыстықтарды тасымалдайтын автобустарға тегін жанар-жағар май босатылып жатыр

Кеңпейіл шымкенттіктер бұл жолы да ерледі. Арыстықтарды тасымалдайтын қоғамдық көліктерге тегін жанар-жағар май құйып беруде.

Дәл қазіргі уақытта арыстықтарды тасымалдауға Шымкент қаласынан 168, ал облыстан 56 автобус бөлінген. Тоғыз жолдың торабы саналатын Арысқа халықты жеткізіп тастауға 6 көлік компаниясы жұмылдырылған. «Грин бас», «Ман» және «Shymkent bus» компанияларының қоғамдық көліктері қазір Арыс қаласына екі реттен қатынап жатыр.

Ал қоғамдық көліктерге тегін жанар-жағар майды қаладаы «Сәтті жол», «Гелиос», «Синойл» компаниялары босатуда.

«Қаламыздағы компания басшыларының жомарттығына тәнтіміз. Қоғамдық көлік компанияларының басшылары жарылыстан зардап шеккен халыққа қайырымдылық ретінде өздері «тасымалдауға қол ұшын береміз» деп хабарласты. Таңғы 6:00-ден бастап қоғамдық көліктер тынбастан, екі реттен рейс жасап жатыр» дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары