$ 445.66  474.58  4.78

Шымкенттік кәсіпкер «ALPEN PARK» демалыс аймағын ашты

Қаланың аптап ыстығынан шаршадыңызба? Шымкентте отбасымен демалатын жаңа «ALPEN PARK» ашылды. 4 - шағынауданы Байтулы баба көшесінде орын тепкен жаңа демалыс аймағы халықаралық деңгейде салынған. Ішкі туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаның ашылу салтанатына эстрада жұлдыздары мен қала тұрғындары қатысты.

«ALPEN PARK». Соңғы үлгіде  салынған жаңа кешен. Мұнда түрлі дәмханалар мен мейрамханалар, қонақүй мен балалар алаңшалары, бассейндер келушілерге естен кетпес көңіл-күй сыйлары анық. Әдемі музыка. Жайлы орын. Қысқасы демалушыларға лайықты жағдай жасалған. Жалпы 1 гектар аумақты алып жатқан кешен  бір мезетте 500- ге жуық адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.

«Біз келушілердің көңілінен шығу үшін бар жағдайды жасаймыз. Келіңіздер. Көріңіздер. Көңілді демалыс орны сіздер үшін қызмет көрсетеді» - дейді «ALPEN PARK» демалыс орнының директоры Дулат Қуанышбаев. Демалыс аймағының қызметкерлері  апта бойына қонақтарға сапалы қызмет көрсетеді. Сенбі, жексенбі күндері балаларды аниматорлар қыдыртып, арнайы қойылымдар қойылады. Ал, жастар үшін жұма күні қонцерттік кештер ұйымдастырылады. Би алаңында көңілдерін көтеруге мүмкіндік мол. Нысанның ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласып, тұрғындар шат-шадыман күйге бөленді. Ендеше «ALPEN PARK» келушілердің сүйікті демалыс орнына айналары хақ.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары