Ауруxанада жұмыс істейтін арыстық әйел үкіметтен көмек ала алмай, жарылыстан өртеніп кеткен үйінің үйіндісінде паналап жүргенін айтты. Қалаға келген депуттар жәрдемдеспек түгілі, жағдайын да сұрауға жарымапты.
Тіпті балаларын да лагерге алмаған. Видеоны Facebook-парақшасына заңгер Айгүл Орынбек жүктеген.
«160 баланы лагерге жібердік деп шіреніп отыр. Кімнің баласын жіберіп жатсыңдар? Қай әкімнің баласын жіберіп жатсыңдар? Қызым да мен де шок. Ең болмаса бір баласын демалдыра берейік деп алып кетпейсіңдер ме?
Күлдің астында жаттық қой кешке дейін. Қайсысың не көмек көрсеттіңдер? Ең болмаса xалықтың көмегін аямаңдар бізден, ешактар.
Мына жерде көшеден өтіп жатыр депутат сымақтар жалпиып бетіме қарап-қарап. Беретінің жоқ, ең болмаса сөз жәрдеміңді айтсайшы», -деп ол көз жасына ерік берді