$ 441.66  475.14  4.86

Болат Назарбаев 45 млн теңгеге қызының тұсаукесер тойын жасайды деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады

Шақыру билетінде тойдың биыл 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Көктерек ауылында болатыны жазылған

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 1 жасар қызының тұсаукесер тойын дүркіретіп атап өтпекші деген ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде тарап кетті. Желіде шақыру билеті мен тойдың бағдарламасы және шығын жазылған сметаның фотосуреті жарияланып, қызу талқыланып жатыр.

Ақпараттың қаншалықты рас екені әзірге белгісіз. Шақыру билетінде тойдың биыл 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Көктерек ауылында болатыны жазылған.

Таңғы 8-де концерттік бағдарламамен ашылатын тұсаукесер тойы түнгі он екіге дейін жалғасады-мыс. Тойды ашуға тіпті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі де қатысуы бек мүмкін деп жазылыпты әлгі бағдарламада. Сонымен қатар, бәйге беріліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді екен.

Ал, сәбидің тұсауы кесіліп болған соң елімізге танымал әншілердің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады. Онда Мақпал Жүнісова, Қайрат Нұртас, Қуандық Рахым секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Желіде тараған сметада той шығыны 45,2 миллион теңге деп көрсетілген. Яғни, 120 мың АҚШ доллары. Алайда, еске салайық, бұл фотосуреттердегі ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары