$ 449.58  486.94  4.86

Арыстық оқушыларға сабақ қашан басталады?

«Сонымен қатар, министр зардап шеккен (жарылыстан-ред) білім беру ұйымдарына «аса апатты» зақымдар келмегенін айтты.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ кулуарында жарылыстаy зардап шеккен Арыс мектептеріндегі жөндеу жұмыстары туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
 
«1 қыркүйек, оқу жылының басталуына дейін қаладағы барлық білім беру ұйымдары дайын болады деген ойдамыз. Бұл жұмыстың барлығы жүргізіліп жатыр, алаңдаудың қажеті жоқ. Жұмыс өте жылдам жүріп жатыр, апта сайын ол жерде болып, жөндеу жұмыстарының қаншалықты ілгерілегенін көріп отырмыз», - деді Аймағамбетов.
 
«Сонымен қатар, министр зардап шеккен (жарылыстан-ред) білім беру ұйымдарына «аса апатты» зақымдар келмегенін айтты.
 
«Кей жерлерде терезелер, әйнектер сынған. Бірақ, қыруар күшті қажет ететін мектептер де бар. Жалпы алғанда, бұл жұмыстардың барлығы аяқталады. Ерекше бақылауға алынған»,- деп түйіндеді БҒМ басшысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары