Қазақстан экономикасының өркендеп бара жатқаны «ҮИИД», «Жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «100 мектеп 100 аурухана» сияқты бағдарламалардың арқасы деп жүрсіздер ме? Тіфу, мә!
Ол атыңнан айналайын параның арқасы. Неге дейсіздер ғой? Мердігер шенеунікке тендердің 10 пайызын пара етіп бермесе құрылыс басталмас еді. Оны алмаған шенеунік қымбат көлік мінбес еді, 5 жұлдызды қонақ үйде көңілдесімен ойнас құрмас еді, қымбат ресторанда қымбат тамақ жемей, ақырында ресторан жабылар еді. Шетелден көлік таситын компаниялардың көлігі өтпей, ол да көп ұзамай жабылып тынар еді.
Қонақүйге парақор шенеунік бармаса ол да жабылмай қайда барады? Өкіметтің беретін 60-70 мың айлығы шайлығына жетпейтін мүсәпір шенеунік ақырында депрессияға шалдығып, не жындыханадан, не жол бойындағы «колодецтерден» бір-ақ шығар еді.
Сол үшін де елдің берекесін кіргізіп отырған пара мен парақорлықты дамыту туралы бағдарлама түзу керек. Егер «Жасыл жарық» жанса бар ғой, Қытай тұрмақ, АҚШ-ты экономикалық даму жағынан шаң қаптырамыз. Пара мен парақорлар жасасын!
Дәурен Әбдіраманов,
(«Фэйсбук» желісіндегі парақшасынан)