$ 498.34  519.72  4.85

Президент күніне орай 4 мыңнан астам көшет отырғызылды

Ордабасы ауданының тұрғындары ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 10 гектар жасыл аймаққа 4200 түп түрлі көпжылды екпелерін отырғызды.

Айналаны көгалдандыру - жалпыға ортақ ізгі міндет екенін ұстанған ордабасылықтар бұл шараға белсене атсалысты. Сонымен қатар, көшет отырғызуға аудандық ардагерлер кеңесі, жастар ұйымы, аудандық мәслихат аппараты мен мемлекеттік қызметкерлер жасыл желек аумағының кеңейуіне өз үлестерін қосты. Аудан әкімі С.Сапарбаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ұлы Отан соғысында от кешіп, ел азаттығы үшін мерт болған майдангерлер құрметіне орай бау егілетінін айтты.

Ал, Арыс қаласының тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен жастары шаһардағы жаңадан салынып жатқан дендросаябақта 1 желтоқсан - Тұңғыш Президенті күніне орай «Жасыл желек – жанға сая» атты акция ұйымдастырды. Шараның мақсаты – экологиялық сауаттылықты арттыру, көгалдандыру жұмысына барша халықты жұмылдыру болып табылады. Акцияға қатысушылар қала әкімі Сейіт Ертаймен бірге 2 мыңға жуық туя ағашының көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, қала әкімі арыстықтарды мерекемен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мерекелік акция қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары