$ 498.34  519.72  4.85

56,1 миллиард теңге: Арыс қаласын қалпына келтіруге осынша қаржы жұмсалатын болды

Бұл қаржы Арыстың әр тұрғынына 100 мың теңге өтемақыны төлеуге, қаладағы үйлер мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге, жаңа үйлер салуға жұмсалады.
фото: kapital.kz
фото: kapital.kz

Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайлов Tengrinews.kz сайтына айтты.

Смайловтың сөзінше, Арысты жөндеуге үкімет қорынан – 27,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 20 млрд теңге, «Самұрық-Қазына» қорынан – 6 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, демеушілер мен қайырымдылық көмектен 2,6 млрд теңге жиналған. Бұл қаржы Арыстың әр тұрғынына 100 мың теңге өтемақыны төлеуге, қаладағы үйлер мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге, жаңа үйлер салуға жұмсалады.

4 шілдеде министр Арысты қалпына келтіруге 34,5 миллиард теңге қажет деген еді. Алайда, тамыз ортасына дейін 21,6 миллиард теңге артығымен жиналатынын өзі де білмей қалған сияқты.

Үкімет Арыстағы жөндеу жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталады дегенімен, қалада жұмыс әлі жалғасып жатыр. Ал тұрғындардың кейбірі жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары