$ 494.87  520.65  4.91

Ғабидолла Әбдірахымов қаланы дамыту бойынша алғашғы нұсқауын берді

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму концепциясы аясында алғашқы тапсырмаларды жүктеді. Түрлі сала мамандары қатысқан ауқымды жиналыста біраз мәселенің беті ашылып, талқыға түсті.

Шымкентте бірнеше нысан мемлекет меншігіне өтпеген. Бұл туралы қалалық экономикалық және қаржы бөлімінің басшысы Р.Мүлкеманов мәлім етті. Бұдан бөлек мәжіліс барысында қаланың мәдени нысандары, демалыс аймақтары мен қоғамдық орындарының, өзен-каналдарының жағдайы  туралы да сөз етілді. Осыған байланысты Ғабидолла Әбдірахымов аталған мәселелердің шешімін табуына байланысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Жыл басынан бері коммуналды меншікті басқару және нысандарды тиімді пайдалану мақсатында қаланың меншігіне 2 тұрғын емес жай, 1 автомобиль жолы, 4 әкімшілік ғимарат, 3 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 1 жобалау-сметалық құжат, 1 автокөлік және басқа да 32 негізгі құрал қабылданыпты. Ал қаланың иелігінен облыстың меншігіне 1 тұрғын емес жай, 2 әкімшілік ғимарат, 1 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 1 инфрақұрылым жүйесі, 8 жобалау-сметалық құжат және басқа да 88 негізгі құрал өткізілген.

Биыл 145 келісім-шарт негізінде жалға берілген нысандардан түскен қаржы 36 миллион теңгені құрапты. Қазіргі кезде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту және жер қатынастары бөлімдері бойынша бірнеше нысанның мемлекет меншігіне өтпей тұрғанын қала әкімі сынға алды.

Жиын аясында арнайы қаулы қабылданып, оның орындалуы бойынша шешім бірауыздан қолдау тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары