$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да 5 бірдей ауыл тұрғындары суға 5 есе көп төлейді

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында 4500-ге жуық отбасы ауызсуға бес есе көп төлейді. Жаңадан тартылған су құбырынан тіршілік нәрін тұтынатын 5 бірдей ауыл тұрғындарына судың әр текше метрі 161 теңгеге түсіп отыр. Соған қарамастан жұртшылық мемлекет меншігіне өтпеген жүйеден ауыз су алуға мәжбүр деп жазады Otyrar.kz.

Мұндағы су құбыры былтыр тартылған. Қазір бұл орталықтан Талапты, Жемісті, Қоғалы, Атамекен ауылдарының халқы су ішіп отыр. Мемлекет балансына өтпеген тораптан су тұтынып отырған тұрғындар тіршілік нәрінің текше метріне 161 теңге 60 тиын төлейді.

Сала мамандары нысанның 2016 жылға өтпелі екенін айтады. Келер жылы аталған су жүйесіне таңы бес елдімекенді қосу жоспарда бар. Сонда ғана мемлекет меншігіне өтіп, субсидияланады.

Ауыл жұрты қазір қымбат ауызсуға да разы болып отыр. Көрші елдімекеннен шелек арқалап, шаршаған халық бұған да қанағат дейді. Бірақ там-тұмдаған табысы бар қалың қауымның қалтасына тіршілік көзінің қымбаттығы ауыр тиіп жатқанын ашына жеткізді жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары