08.12.2015, 03:33

Оралда 13 жасар оқушы Сирияға кетіп қалған

Оралда жұмбақ жағдайда 13 жастағы қыз жоғалып кетті. Мәліметтерге қарағанда, жетінші сынып оқушысын өзінің анасы Сирияға алып кетуі мүмкін деп жазады KTK.

Ділназ Әділова күзгі демалыстан соң білім ошағының табалдырығын аттап баспаған. Вахталық жұмыста істейтін әкесі мен қызы арасында бірнеше күн бойы байланыс үзіліпті. Шұғыл үйіне оралған отағасы не қызын, не әйелін таппай жер сипап қалған. Сөйтіп бүкіл күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызып, іздеу салып жатыр. Ал мектеп ұжымы бұлардың діни ұстанымдағы отбасы екенін айтуда. Әзірге жағдайға қатысты ресми орындар жақ ашпай отыр. Іздеу жұмыстарының нәтижесі айтылмағанымен, жоғалғандардың қайда жүргені белгілі секілді. 

Тамара Мұрадимова, мектеп директоры:

-Құқық қорғау орындарының хабары бойынша, қызымыз 5-ші қараша күні, Мәскеу арқылы Сирияға кеткен. Ол енді құжат жоқ, бірақ ауызша айтқан осындай мәлімет бар.