$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстаннан көшіп кетіп жатқан тұрғындар саны артуда

2015 жылдың алғашқы 10 айының көрсеткіші бойынша Қазақстанға көшіп келіп жатқан оралмандар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге азайған деп жазады LS, ҚР ІІД Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайыновқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында елге оралған қандастар саны 1,4 мың адамды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 16,3 мың адамға дейін жеткен. Ал, азаматтық алғандар саны биыл 6,4 мың адамды құраса, былтыр 23 мың адам Қазақстан азаматы атанған екен.

Сонымен қатар, Қазақстанға тұруға келген шетелдіктердің де қатары кеміген. Мәселен, 2015 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізге 12,9 мың адам тұрақты өмір сүрі үшін көшіп келсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 18,3 мыңды құрады.

Ал, Қазақстаннан кетіп жатқан тұрғындардың саны болса керісінше өсіп отыр. Мәселен, 2014 жылдың алғашқы 10 айында шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар саны 24 мыңнан сәл ғана асса, биыл тағы 25 мың адам шекара асып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары