$ 449.58  486.94  4.86

Оңтүстікте жыл соңына дейін 4 балабақша, 2 мектеп пайдалануға берілмек

Білім ошақтары Шымкент қаласына жаңадан қосылған шағынаудандардан орын тепкен.

Шаһарда жыл соңына дейін 320 орынды төрт балабақша мен екі мектеп пайдалануға беріледі

320 орынды балабақшаның бірі — Нұртас шағынауданы мен Сайрам елдімекенінен қосылған 178-орамның шекарасында орналасқан. Құны 520 млн тенгелік нысанның құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған. Бүгінгі таңда нысан құрылысының 95 пайызы аяқталып, берілуге жақын. Ал көгалдандыру жұмыстары тек көктемде ғана жүргізіледі екен.

Ал Бозарық шағынауданы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Мұнда бірден екі білім беру нысаны бой көтеріпті. 320 орынды балабақша бүлдіршіндерді қабылдауға дайын. Ал 1200 орынды мектептің құрылысы толық аяқталған.

Сонымен қатар, биыл балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту дәрежесі қуантарлық көрсеткіште емес. Өткен жылмен салыстырғанда 66 пайызға төмендеген. Десе де қала әкімі көрсеткішті көтеруді қатаң тапсырған, жыл соңына дейін 80 пайызға көтеруді жоспарлап берді.

Сала мамандарының пікірінше, жаңа ашылғалы отырған 4 балабақша берілген тапсырманы орындаудың алғашқы бастамасы дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары