$ 498.34  519.72  4.85

Астанада маусым айында менингитке шалдыққан 46 адамның 30-ы расталып отыр

Жыл сайын жаз мезгілінде энтеровирусты инфекцияға (менингит) шалдығу жағдайлары артады, деп хабарлайды astana.kz.

―Астана үшін бұл жаңа инфекция емес. Жыл сайын жаз мезгілінде энтеровирусты инфекциялардың маусымдық жоғарылауы байқалады. Өткен жылы сырқаттанушылықтың жоғарылауы тамыз-қыркүйек айларында тіркелсе, биыл маусым айында менингитке шалдыққан 46 адам анықталды, соның ішінде 30 жағдайы зертханада расталды. Шілде айында балалар жұқпалы аурулар ауруханасына менингит ауруына шалдықты деген күдікпен 47 бала жатқызылды. Бүгінге дейін олардың 18-нің диагноз расталды, ― деді Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті энтеровирусты инфекцияның алдын алу бойынша шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Жарты жылдың ішінде қоздырғыштар циркуляциясын анықтау мақсатында 80 бала тексерілді, ағынды судан 29 сынама, ашық су айдындарынан 37 сынама, жүзу бассейіндерінен 6 сынама алынды, сонымен қатар, көкөніс пен жеміс-жидектер тексерілді. Зерттеулер нәтижесі бойынша тек 2 ағынды судың 2 сынамасынан энтеровирус анықталған. Қосымша 30 субұрқақ тексерілді және ашық су айдындарынан 32 сынама алынды.

Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Жүсіпбек Әжіғұлов ешқандай қауіптің жоқ екендігін атап өтті. Биыл менингитке шалдығу көрсеткіштері өткен маусыммен салыстырғанда төмен. Сондай-ақ, ата-аналарға балалардың су айдындары мен субұрқақтарда шомылуына жол бермей, олардың демалысын бақылауға, жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыруға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары