$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ ғалымы 10 есе қуатты аккумулятор ойлап шығарды

Назарбаев Университетінде Жұмабай Бәкеновтің жетекшілігімен бір топ ғалымдар қолданыстағы аккумуляторлық батареядан 10 есе ұзақ жұмыс істейтін батареяны әзірледі, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл жаңалық бүгін білім ордасы жанындағы Технопарктің ашылу рәсімінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке таныстырылды.

А.Сәрінжіпов осындай батареяны «iPhone» үшін және өзге смартфондарға әзірлеу мүмкіндігі жайында сұрады.

Өнертапқыш Ж.Бәкенов әзірге оны дайындауға тиісті құралдар жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол ғылыми топ даярлаған аккумуляторды автокөліктерге бейімдеп жасауға ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, Ж. Бәкенов он жылдай Жапония мен Канадада өмір сүріп, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Ал, Қазақстанға 2011 жылы оралған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары