Қоғам 14.12.2015 сағат 05:57

Астана әкімі төтенше жағдайларда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінің басты тақырыбы коммуналдық шаруашылық және елдорданың ТЖ дайындығы мәселелері болды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ауа райының өзгеруіне қарамастан қала коммуналдық және жол қызметтеріне түсетін кез-келген жүктемеге дайын болуы керек. Астана әкімі ТЖ орын алған жағдайда жұмыла жұмыс істеуі тиіс барлық қалалық қызметтердің әрекет ету жоспарларын жаңарту қажет екендігін атап өтті.  

Қала басшысы елордада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қалалық әкімдік жұмысының басты бағыты болып қалатынын атап өтті, барлық қалалық басқармалар мен қызметтерге бірдей жауапкершілік жүктелуі тиіс. Кез-келген басқа басқарма жауапты болып табылатын жұмыстардан бас тартуға жол берілмейді. «Бәріміз де бір жұмысты орындап жүрміз. Сізге тапсырған екен, онда оны сөзсіз орындауыңызды сұраймыз»,- деді Ә. Жақсыбеков. Оның айтуынша, әкімдік қызметкерлеріне ерекше талап қойылады.

Елорда әкімі қалалық қызметтерді алдағы мерекелерге байланысты күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге, қауіпсіздік шараларын арттыруға және қаланы абаттандыру бойынша барлық міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырды.

Astana.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар