$ 498.34  519.72  4.85

Еліміздің бірқатар облысында тасжолдар жабылды

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық жолдарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп мәлімдеді 24.kz ақпараттық порталы. 

Ақмола облысы. Сағат 16.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (қар, жел, көктайғақ) байланысты «Жезқазған-Петропавл» (377-595 км, Қостанай, СҚО облыстары шекарасында), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 км, Костанайской облысының шекарасы-Сұрған кенті), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 км, Жақсы кенті-Бұзылық кенті), «Екатеринбор-Алматы» (856-1141 км, СҚО-Новочеркас ауылы), «Нұр-Сұлтан – Петропавл» (18-231 км Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы), «Петропавл-Нұр-Сұлтан» (Петропавл қаласы- Ақмола облысының шекарасы) жолында көліктің барлық тұрінің жүрісіне шектеу қойылды.

Қостанай облысы. Сағат 17.00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» (555-729 км, Қостанай қаласы-СҚО шекара), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (7-232 км, Қостанай қаласы-Ақмола облысы) жолында барлық көлік түрінің жүрісі шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы. Сағат 17.00-ден бастап «Екатеринбур-Алматы» (729-856 км, Қостанай облысы- Ақмола облысы шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (595-701 км, Новоишимский ауылы-Ақмола облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысы. Сағат 18.00 жаңбыр аралас қар жауып тұрғандықтан «Өскемен-Риддер–Ресей шекарасы» (15-105 км, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы), «Өскемен-Алтай–Катонқарағай-Рахманов қайнары» (6-166 км., Ушановский ауылы-Алтай қаласы», «Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы» (15-102 км, Глубокое кенті-Шемонаиха қаласы) жолында қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары