$ 494.87  520.65  4.91

Әскери бөлімшедегі тағы бір сарбаз қайтыс болды

Сарбаз ауруханада көз жұмған. Телеарна мәліметінше, бұған дейін ол ауыр халде жатқан.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Ресейдегі әскери бөлімшеде болған қанды қырғын кезінде зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РЕН ТВ. 

Сарбаз ауруханада көз жұмған. Телеарна мәліметінше, бұған дейін ол ауыр халде жатқан.  Еске салайық, 25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған. 28 қазанда Чита әскери соты Шамсутдиновты екі ай абақтыға қамады.

Оған қатысты "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр? 

Ресей Қорғаныс министрлігі күдіктіге қатысты зорлық әрекеттері жасалмағанын алға тартқан. Олардың пайымынша, Шамсутдиновтың қолға қару алуына күзет офицерімен болған "тұлғааралық қақтығыс" және "психологиялық үйлеспеу" себеп болған. 

Сонымен қатар, қанды оқиғаға қарауыл қызметі барысында "психикалық стресс" те әсер еткені айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сарбаз #Ресей