$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде өзін бауыздаған тұрғынға қатысты полиция мәлімдеме берді

Бұған дейін Ақтөбе қаласындағы Елек полиция бөлімінің ғимаратында 22 жастағы азаматтың өзіне қол салып қайтыс болғандығы туралы жазған болатынбыз. Осы жайтқа байланысты қалалық полиция басқармасының өкілдері арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sn.kz.

Оқиға желтоқсанның 18 күні орын алған. Күдікті ретінде тергеуге алынған марқұм полиция ғимаратының ішінде отырып терезені сындырған да, әйнек сынығымен өзін бауыздап тастаған.

— 2015 жылдың 18 желтоқсаны күні қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Елек полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында күдікті адам өз өзіне қол жұмсады. Бұл жәйт ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 105-бабында қарастырылған қылмыстық нышанға сәйкес келуі себепті сол күні-ақ сотқа дейінгі тексерулердің бірыңғай тіркеуіне алынды, — деді журналистерге түсініктеме берген Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, қылмыстық тексерулер Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасы тарапынан жүргізілуде. Өз өзіне қол жұмсаған адам қалалық ішкі істер басқармасы тарапынан биыл желтоқсан айында болған Ақтөбе қаласының тұрғынын өлтіру оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық істе күдікті ретінде қаралған. Ал, күдіктінің өз өзіне қол жұмсауы оны тергеу аяқталған соң орын алыпты. Бүгінгі күні бұл оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды.

Ал, сол күні оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиевтің айтуынша, жас жігіт дәрігерлер келгенше жан тапсырған екен.

— Бригада сағат шақыртудан кейін тура 7 минут араға салып, яғни 14:15-те оқиға орнында болды. Жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша барғанда жас жігіттің денесі жансыз болатын. Белгілі болғаны – 22 жастағы қазақ жігіт өз өзіне қол салған. Ол терезе әйнегін сындырып, онымен өзінің тамағын кескен. Қан тамырларына дейін кесілген, - деді ол.

А.ДИМАШ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары