$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 1 қаңтардан бастап жергілікті полиция қызметін бастайды

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ақпаратына сай, 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақтанда атқарушы органдар мен халық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметін толыққанды бастайды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының бес институтционалды рефомаларды орындау бойынша Ұлт жоспарының 30-шы қадамын іске асыру үшін ағымдағы жылы 2 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Жергілікті полиция құрудың мақсаты жергілікті атқарушы билік пен жұртшылыққа есеп беру арқылы полиция қызметін ашық әрі әділ ету болып табылады.

Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев: «жаңадан құрылатын жергілікті полиция құқықтық тәртіпті қорғау мен ұсақ бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық заң бұзушылықтардың жолын қию саласында ғана қызмет атқарады. Оларға заңмен қарастырылмаған қызмет жүктеуге түбегейлі шек қойылады», деп атап кетті.

Жергілікті полиция құрамына учаскелік полиция инспекторларының бөліністері және олардың көмекшілері, ювеналдық полиция, аумақтық бөліністер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініс, табиғатты қорғау және жол-патрульдік полициялары бөліністері, солармен қатар, әкімшілік тұтқындалғандарға арналған арнайы қабылдағыш пен белгілі орын мекені жоқ тұлғаларға арналған қабылдап-тарату орындары кіреді. Жалпы алғанда, елордада жергілікті полиция 1,5 мың полиция қызметкерін біріктірмек.

Жергілікті полиция жетекшілеріне әкім мен маслихат алдында қызмет қортындысы бойынша жылына екі реттен кем емес, халыққа алдында – жылына 1 рет есеп беру міндеті заңды түрде жүктелген.

Оған қоса, учаскелік полиция инспекторлары атқарылған жұмыс жөнінде өздері бекітілген әкімшілік учаскедегі жұртшылық алдында әр тоқсан сайын есеп береді.

Өз кезегінде барлық деңгейдегі әкімдер жергілікті полицияға құқықтық тәртіпті қорғау мен ұсақ бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық заң бұзушылықтардың жолын қию бойынша тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуына бақылау жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары