$ 494.87  520.65  4.91

Астаналықтарды жезөкшелермен қамтамасыз етіп келген қылмыстық топқа үкім шықты

Астана мен Шымкент қалаларын жезөкшелер ордасына айналдырған қылмыстық топқа сот үкімі шықты. 4 адамнан тұрған жеңгетайларды судья 3 мен 7 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырып отыр.

Қылмыстық топтың жетекшісі 36 жастағы ер азамат. Қалған үшеуі 1968,1976 және 1977 жылы туған әйел адамдар. Олар Көліктегі ішкі істер департаменті мамандарының күдігіне ағымдағы жылдың басында іліккен. Тексере келе топ мүшелерінің екі қалада ондаған қыздан тұратын жезөкшелер ордаларын құрғаны анықталды. Олар вокзал маңындағы пәтерлерде және қаланың өзге де бөлігіндегі үйлерде тұрғындарға қызмет көрсеткен. Бұл әрекетпен олар 2012 жылдан бастап айналысыпты.

Сот процесі барысында күдіктілердің барлық айыптары дәлелденіп, олар тиісінше жазаларын алды. Атап айтқанда, топ жетекшісі алдағы 7 жылын түзеу колониясында өткізсе, қалған үшеуі 3, 5 және 6 жылдан "арқалады".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары