$ 494.87  520.65  4.91

БҚО әкімі бағалардың бұдан кейін де өсе беретінін айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін Астанада баспасөз мәжілісін өткізіп, әлеуметтік маңызды тауарлардың неліктен қымбаттап жатқанына тоқталып өтті.

Өңір басшысының айтуынша, бағалардың өсімі бұдан кейін де жалғаса беретін болады, дегенмен, ол жағдайдың бақылауда тұрғандығын да ескере кетті.

"Бағаларды бір деңгейде ұстап тұру мүмкін емес. Ол түрлі себептерге байланысты өсіп отырады. Дегенмен, әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасын бақылауда ұстау үшін облыста өңірлік, қалалық және аудандық штабтар құрылды. Оның құрамына жергілікті және орталық атқару органдарының мамандары мен қоғам белсенділері енген. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспардан ауытқымай атқарылуда" деді Ноғаев журналистердің сұрағына жауап беру барысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары