06.01.2016, 05:12

Оралда 12 жасынан бастап жезөкшелікпен айналысқан қыз ұсталды

Оралдық полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 16 және 17 жастағы қыздарды ұстады. Оның біреуі 12 жасынан бастап жеңіл жүрісті кәсіп еткен екен. Оларды тәртіп сақшылары «Деповская» көшесіндегі сауна маңында құрықтаған деп жазады "Уральская неделя" порталы.

«Қыздардың жасы 16-17 шамасында. Біреуі Жаңақала ауданынан. Жаз айынан бастап жезөкшелікпен айналысқан. Жартылай жетім болғанымен отбасының күн көрісі жақсы. Екінші қыздың жағдайы асоциалды. Жезөкшелікпен 12 жастан бастап айналысады. Біз оны көптен бері қолға түсіре алмадық. Енді оны түнгі жүрістен тыю үшін арнайы мектепке ауыстыруды қолға алып жатырмыз», - деді Қала прокурорының көмекшісі Алмагүл Исмағұлова.

Қазір екі қыз да кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.