02.12.2019, 02:30

«Жолдасым, 12 әпкем бар деп айтқанда сене алмадым»: жас келін қайын апаларының бабын тауып жүр (ВИДЕО)

12 қыз бен бір ұлдың анасы әуесқой түсірілім арқылы күллі қазақ еліне сәлем жолдады

Оның бір емес, 12 қайын апасы бар. Өткен аптада бұл отбасы туралы күллі Қазақстан жарыса жазды. Тікелей байланыстың сәті түспей, сәлем жолдауларын өтіндік,-деп хабарлайды SkіfNews ақпарат порталы "Евразия" арнасына сілтеме жасап.

12 қыз бен бір ұлдың анасы әуесқой түсірілім арқылы күллі қазақ еліне сәлем жолдады. 

"Мен 12 қыз бір ұлдың анасымын. Осы жақында ұлым маған аппақ келін сыйлады. Тәп тәтті. Мен ризамын. Аллаға шүкір", - дейді алтын құрсақты ана.

"Жолдасым 12 апам(әпкем) бар деп айтқанда сене аламадым. Ойнап тұрған шығар деп ойладым. Содан кейін қайын апаларыммен жайлап араласа бастадым. Желіде неше түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Сол әңгімеге жауабымды айтып кетейін деген едім. Ешқандай қорқыныш жағдайы жоқ. Бәрі өте керемет", - деп ағынан жарылды жас келіншек. Енесі де басын изеп жалғыз түйрі келінінің сөзін қоштап отырды.

Әлеуметтік желілерде он екі қайын апаның бабын табамын деп келін болып келіп отырған бұл келіннің қадамын ерлікке балап отырғандар көп. Қалай дегенменде жастардың көрер қызығы көп болсындеп тіледік.