$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да мүгедек жан Сирияға соғысқа аттанбақ болған

БҚО Жаңақала ауданының тұрғыны бірінші топтағы мүгедек Айбек Жолаев Сирияға соғысуға кетпек болған жерінен ұсталды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол бұған дейін де Таяу Шығыстағы радикалдарға бір рет қосылмақ болған екен. Алайда, ол кезде қауіпсіздік қызметінің өкілдері оны шекарадан өткізбей, денсаулығына байланысты қамауға алмаған екен.

 

Мүгедектер арбасымен қозғалатын Айбек Жолаев алғашқыда Астрахань қаласынан Түркияға ұшпақ болған жерінен үйіне қайтарылған. Екінші рет Ақтаудан Стамбулға ұшпақ болғанда тәртіп сақшылары оған бөгет болды деп хабарлайды "Уральская неделя" газеті.

Айбектің анасы "Орал өңірі" газетінің тілшілеріне берген сұхбатында ұлының өзгелердің көмегінсіз тамақ та іше алмайтындығын айтады. Бірақ, мүгедек ұл зейнетақысынан тықпыштап жүріп, ұшаққа билет сатып алыпты. Онымен бірге ауылдасы Нұрлыбек Тұрарбекұлы деген азамат та аяғы ауыр әйелі мен кішкентай ұлын Сирияға алып кетпек болған. Оны сол Айбек Жолаев радикалдық бағытқа үгіттепті. Қазір екеуі де тергеу абақтысында. Ал, олардың тағы бір ауылдасы Айболат Ғабитов Сирия шекарасынан өтіп үлгерген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия #Орал #БҚО