Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта туған қызына зорлық-зомбылық көрсеткен әкеге қатысты үкім оқылды. Екі жылдан астам уақыттан бері қызына нәсіпқұмарлық пиғылын көрсетіп келген азғын 15 жылға сотталды деп хабарлайды otyrar.kz.
Әкесінен жәбір көрген жасөспірімнің түңіліп жүргенін ұстазы байқайды. Психологтың араласуымен оқушы қыз болған оқиғаны мектеп директорына айтқан. Осыдан кейін полицияға хабар беріліп, 55 жастағы күдікті қамауға алынды.
Әкесінің қызына тиісіп жүргенін естіген анасы аса сенбей, мән бермей келген екен. Тек тергеу барысында жәбір көрген қыздың осыдан бір ай бұрын өзіне қол жұмсамақ болғанын есіне алды. Қыздың анасы сотта өз күйеуін аямай, өмір бойы түрмеге қамауды сұрады. Дегенмен, сот бұл бапта ондай жазаның жоғын айтып, сұм әкені 15 жылға түрмеге қамау жазасына кесті. Ал, жасөспірім қыз арнайы оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр.