$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық металлургтер «Second hand» дүкендерінен киінеді

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургтері жағдайларының тым мүшкілденіп кеткендігін айтуда. Азаттық тілшісіне сұхбат берген Евгений есімді компания жұмысшысы өзінің және әріптестерінің ескі киімдер сататын «Second hand» дүкендер желісінен киінетін айтып отыр.

Женяның сөзінше, осындай ірі кәсіпорында жұмыс істеп 50 мың теңге жалақы алатындар көп. Оның өзінің қолына 80 мың теңге тиетін көрінеді, компаниядағы орташа жалақы да осындай. Алайда, соңғы бірнеше айда теңгенің екі есеге дейін құнсыздануы металлургтердің жағдайын біршама қиындатып тастаған.

 - Баспана сатып алуға және оны жөндеуге алған несием бар, оның ай сайынғы төлемі 50 мың теңгеден асады. Коммуналдық төлемдер 15 мың теңгедей. Өзге шығындарым да бар. Жаңа киім алуды айтпай-ақ қояйын, ал демалысты мүлде ұмыттық. Жұрттың көбі секонд-хенд дүкендерінен немесе жаппай сатылым кезінде киінеді. Металлург мамандығының қадірі қашып, жалақысы жыл сайын құлдырап бара жатқаны қынжылтады. Жалақы бағаға ілесе алмай қалды, - дейді Евгений.

Металлург мамандығының қадірі қашып, жалақысы жыл сайын құлдырап бара жатқаны қынжылтады. Жалақы бағаға ілесе алмай қалды.

Азаттық тілшісімен әңгімелескен металлургия комбинаты қызметкерлерінің айтуынша, зауытта 50 мың теңгеге жетпейтін жалақы алатындар да, қолына 200 мың теңге тиетіндер де бар (бірақ кокс-химия өндірісінде жұмыс істейтін кейбір жұмысшылар болмаса, ондайлар аз). Жұрт мұндай ақша табу үшін ең қиын әрі қауіпті учаскелерде жұмыс істейді. Ондай жұмысшылардың дені - дистрибьютерлер мен конвертер цехындағы бұрын ең абыройлы әрі жалақысы көп мамандық саналған болат қорытушылар; кокс-химия өндірісіндегі «есікшілер» мен «люкшілер». Домна цехындағы жұмысын «тозақ» деп атайтын көрікшілердің жалақысы - 150 мың теңге. Комбинатта 70-80 мың теңгеге жуық жалақы алатын «газ құтқарушыларының» жұмысы да қауіпті.

Кәсіподақ белсенділері «доллар бағамы 150-170 теңгеден аспай тұрғанда металлургтер жалақысын жартымды санаушы еді, ұлттық валюта девальвациясынан кейін бағалар өсіп, жұмысшылар жалақысы түкке тұрғысыз болып қалды» дейді. Қазір доллардың ресми бағамы - 360 теңге, яғни кейінгі жылда теңге шамамен екі есе құнсызданды.

«АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысшылар саны кейінгі жылдары қысқарып келеді. 2015 жылдың басында компанияның металлургиялық мекемелерінде 13 мың 889 адам жұмыс істеген еді, 2015 жылдың желтоқсанында 13 мың 009 адам қалды. «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарында 17 мыңдай адам еңбек етеді. Ал Теміртау қаласында 181 мың адам тұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары