$ 448.15  483.46  4.86

Сәбиді көліктен лақтырған әйел босанған қыздың өгей анасы екені анықталды

Жамбыл облысында орын алған сәби өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Жаңа туған нәрестені көлік терезесінен лақтырған әйел босанған қыздың туған анасы емес екені анықталып отыр деп жазады Tengrinews.kz. Қазіргі таңда ол сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

"Тергеу барысында белгілі болғандай, нәрестені жол бойына лақтырып кеткен әйел босанған қыздың туған анасы емес. Әкесі де өгей екені анықталып отыр. Оқушы қыздың туған ата-анасы қазір Алматы облысында тұрады. Олар ертеректе қыздарын туыстарына асырап алуға берген" дейді Талас аудандық ІІБ басшысы Азамат Айқынбеков.

Жамбыл облыстық прокурорының көмекшісі Еркін Қуанышев та осы жайтқа байланысты өз білгенімен бөлісті. Оның айтуынша, сәбиді өлтірген күдікті Бақытгүл Байсенгереева бала босана алмаған. Содан кейін олар күйеуінің інісінің қызын кішкентайынан асырап алыпты. Оқушы қыздың туған ата-анасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тұрады. 

"1962 жылы туған күдікті Бақытгүл Байсенгереева баланы жолға лақтырып жібергенін мойындады. Ол бұл әрекетке қорыққанынан барғанын айтып отыр, қызының жүкті екенін соңғы сәтке дейін білмеген көрінеді" дейді Қуанышев. Оның айтуынша, сәби туылған сәтте тірі болған, көлікті болған үш адам да оның жылаған дауысын естіген.

Айта кету керек, қазіргі таңда оқиға орын алған көліктің жүргізушісі де тергеуге ілінді. Оны қылмысты полицияға хабарламағаны үшін айыптауда. Егер кінәсі дәлелденсе жүргізуші 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген.

Құқық қорғаушыларының айтуынша, осы жайт бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған: сәбиді өлтірген әйелдің, сәбидің биологиялық әкесінің үстінен және екі іс көлік жүргізушісінің үстінен. Прокурор көмекшісінің сөзінше, нәрестенің әкесі 1998 жылы туған Сайлаубек Елдос есімді бозбала. Ол - Қаратау колледжінің студенті, Қаратау ауданы Үшарал ауылының тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары