$ 498.34  519.72  4.85

Темір жол қызметкері өзі жұмыс істейтін мекемені 9 жыл бойы тонап келген

Жамбыл облысында темір жол компаниясын 9 жыл бойы тонап келген күдікті қолға түсті. Ұсталған азамат осы мекемедегі бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінде аға қызметкер болып жұмыс істеген.

Күдікті интернет желісі арқылы бухгалтерияның дербес желісіне кіріп, өзінің және сыбайластарының шотына ақша аударып отырған. Жалпы компанияға келтірілген шығын 9 миллион теңгеден асады.

Күні кеше ұсталған азаматтың үстінен жүрген сот процесі аяқталып, судья оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Жалпы, былтыр Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары темір жолда жұмыс істейтін 20 күдіктіні ұстаған. Олар вагондардағы жүктерді ұрлаумен айналысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары