Санитарлық дәрігерлер тамақ өнімдері мен ойыншықтарды және балаларға арналған киімдерді таңдауда сақ болуды ескертеді. Сыр өңірінде жүргізілген мониторинг аясында мамандар үш мыңнан астам бұйымды, оның ішінде 61 ойыншықты сатып алып, зертханалық тексеруден өткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нәтижесінде 13 үлгіден сапа сәйкессіздігі анықталып отыр. Қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі Қытайда жасалған.
Айман Жанахаева, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
- Ойыншықтардың қауіпсіздігін тексеру екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші – ойыншықтардың тиісті құжаттарының болуы, сертификаттарының болуы және онда көрсетілген мәліметтердің техникалық сәйкестігі назарға алынады. Екінші кезеңде ойыншықтар органолептикалық, микробиологиялық, санитарлық-химиялық және токсикологиялық, гигиеналық тексеруден өтеді. Сәйкестіктер анықталған жағдайда, сараптамаларға сәйкес іс-шаралар кешені жүргізілетін болады.