$ 498.34  519.72  4.85

Аяз Атаны көрген балалар жылап жіберді (ВИДЕО)

Бүлдіршіндерің қызықты видеосын жақында ғана қызды болған әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында жариялаған.
Фото: kaz.nur.kz
Фото: kaz.nur.kz

Әлеуметтік желіде балабақшадағы Жаңа жылдық ертеңгіліктің видеосы тарады. Балалар бет-аузын орап алған Аяз атадан қорқып, жылап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүлдіршіндерің қызықты видеосын жақында ғана қызды болған әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында жариялаған.

"Аяз аталар! Балаларды қорқытпаңдаршы", - деп жазған өнер иесі.

Кадрлардан балабақшадағы Жаңа жылдық ертеңгілікті көруге болады. Аяз атаны көрген бүлдіршін одан қорқып жылап жіберген.

Әншінің оқырмандары әдеттегідей пікірлерін қарша боратқан. Олар Аяз атаның шынымен де қорқынышты екенін жарыса жазды.

"Бала түгілі үлкен адам қорқатындай екен өзі де", "Түрі қорқынышты екен", "Балалар шошымасыншы", "Жандарым сол, қорқып тұр ғой", "Неге сонша бетін орап алған", "Менің ұлым да осылай жылаған", - деді желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары