$ 447.4  477.55  4.76

Жыл басынан бері санитарлық авиация арқылы 840 науқас тасымалданды

2014 жылдың І жартыжылдығында Республикалық санитарлық авиация орталығының дәрігерлер бригадасы 880 мәрте шақырту алып, 1150 медициналық және 230-дан аса консультативтік қызмет көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, осы кезеңде барлығы 840 науқас тасымалданып, 74 адамға операция жасалды. Барлық ұшырылымдардың 33,8 пайызы Астанадан, 7,2 пайызы Алматыдан, 59 пайызы өңірлерде жасалған.

Санитарлық авиацияның дәрігерлер бригадасы акушерлік және гинекологиялық, нәрестелер және балалар патологиясы, қан айналымы жүйесі, хирургиялық, терапевтік аурулар, жарақаттанушылық, күйіп қалу және улану, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен жағдайларда медициналық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, Республикалық санитарлық авиация орталығы арқылы Сингапур, Ұлан-Батор (Моңғолия), Дубай (БАӘ) клиникаларында ауыр жағдайда жатқан қазақстандықтар Астана мен Алматының емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары