$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда әкімшілікке қарасты фирма директоры қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Атырау қаласындағы "Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС директоры екі миллион теңге ақшаны өз пайдасына жаратқаны үшін сотталды деп жазады Today.kz.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның облыстық департаменті таратқан мәлімдемеде айтылғандай, өткен жылы аталған фирмаға тексеру жүргізіліп, ЖШС директоры Асылбек Мүліковтың қаржы жымқырғаны анықталған. 

2014 жылы А.Мүліков қолында бар мүмкіндікті пайдаланып, чек кітапшасынан фирмаға тиесілі ақшаны санап алыпты. Айта кететін жайт, басы дауға қалып отырған фирманың 100 пайыз құрылтайшысы Атырау қаласының әкімдігі. Ол қаладағы көппәтерлі "Нұрсая" ықшам ауданы мен тұрғын үйлерді жылытумен айналысады.

Сот процесі барысында экс-директор өз айыбын мойындаған жоқ. Ол қаржыны фирма қызметкерлерінің жалақысын уақытында төлеу үшін аталған қаржыны бас есепшіге бердім деді. Бірақ ақшаны алмағанын айтқан бас есепші қаржының қайда кеткенін білмеген. 

Сот А.Мүліковты 5 жылға бас бостандығынан айрып, бостандыққа шыққан соң 3 жыл материалдық жауапкершілік алатын лауазымды иеленуге тыйым салды. 

Сондай-ақ, фирманың бұрынғы басшысы мемлекет қазынасына 2 миллион теңгені қайтарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары