$ 494.87  520.65  4.91

Березовка тұрғындарын көшіруде алаяқтық фактілері жиілеген

Батыс Қазақстан облысындағы атышулы Березовка ауылын көшіру барысында алаяқтық әрекеттер көбейген. Яғни ауылға адамдарды заңсыз тіркеу жиілепті деп жазады KTK.

Балалар мектеп партасында, ал ересектер жұмыс орнында талып қалатын болғандықтан ауылды Қарашығанақ кен орнынан алыс жерге көшіру жайлы шешім қабылданған. Жоспар бойынша жұрт жақын маңдағы Ақсай қаласына кетуі тиіс. Алғашқы 75 отбасы жаңа қонысына жайғасса, қалғандары жыл соңына дейін көшірілмек. Бірақ березовкалықтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі туыстарын өз үйлеріне тіркеуге қойып, пайдаға кенелуді көздепті. Себебі берілетін жаңа баспанада әр отбасы мүшесі үшін 15 шаршы метрден берілуі тиіс. Яғни, үйдегі адам басы көп болған сайын пәтер саны мен оның аумағы да артады. Осыны өз пайдасына асырмақ болғандар тек соңғы 3 күнде 93 адамды тіркеуге қойған.

Қайрат Әбуов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

–Тексеру барысында олардың 87-і заңсыз болып шықты. Олардан тіркеуден шығарылған болатын. Қалған алтауында соттың шешімі бар сол ауылда тұруға. Басқа облыстың кісілері бар Березовка ауылына қатысы жоқ, ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласынан тағы да басқа Қазақстан қалаларынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары