$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда 45 миллион теңгеге салынған веложол қирап қалды

Ақтауда 45 миллион теңгеге салынған веложол қирап қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz "Тумба.kz" порталына сілтеме жасап хабарлады. Жол 16-шы және 27-ші ықшамаудандардың арасына, "Бәйтерек" сауда ортылығының маңына салынған болатын.

Суреттерден плиткалардың коммуникацияның үстіне салынғанын көруге болады. "Айта кетейік, мұндай плиткаларды төсеу Еуропа тәжірибесіне сүйеніп пайдаланылды. Бұл плиткалар қыста тайғақ болмайды. Дегенмен бізде мұны пайдалану кезінде мәселелер кездеседі", - делінген басылымда.

Қазір шұңқырдың маңына қоршау қойылғаны белгілі болды. Кәріз құдығымен жұмыс істейтіндер жолдың қирауына байланысты пікір білдірмеді. Қалалық ТКШҚ бөлімі қызметкерлерімен байланысу да мүмкін болмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары