$ 494.87  520.65  4.91

Бауыржан Ибрагимов балағаттаған қонақ үй қызметкерінен кешірім сұрады (ВИДЕО)

Күні кеше қонақ үй қызметкерлерін балағаттап, әлеуметтік желілерде үлкен дау туғызған танымал сатирик, "Бауыржан-шоу" театрының негізін қалаушы Бауыржан Ибрагимов өзі ренжіткен бойжеткеннен кешірім сұрады.

Ибрагимовтың қонақ үйге арнайы барып, қызметкер қыздан кешірім сұраған бейнероликты Facebook әлеуметтік желісіне "Терісқақпай" театрының актеры Ұлан Нүсіпәлі жүктеп, жағдайдың оң шешілгенін айтқан.

"Жаңылмайтын жақ,сүрінбейтін тұяқ болмайды.Өз қателігін мойындау да ерлік! Ашу дұшпан ақыл дос,ақылыңа ақыл қос дейді қазекем.Ақылға салып ашумен келген ағаттығын мойындап Бауыржан бауырымыз қонақ үйдегі орын алған жағдайға байланысты қыздан кешірім сұрап гүл ұсынды.Қонақ үй басшылығы да өз тарапынан кешірім сұрады.Жақсымызды асырып,жаманымызды жасырған елміз ғой? Желіге жақсы дүниелерді жариялайықшы?!" делінген Үсібәлінің жазбасында.

Сондай-ақ, Бауыржан Ибрагимов қонақ үйде орын алған келеңсіз жайтты бейнекамераға жазып, оны интернет арқылы таратқан жас жігіттің үстінен арызданбайтынын да айтты. Тіпті, қонақ үй басшысынан оны жұмыстан босатпауын сұрап, бірнеше рет өтініш те жасаған.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Б.Ибрагимовтың қонақ үй қызметкерін балағаттағаны жазылған бейнеролик Фэйсбук әлеуметтік желісінде жарияланған болатын. Кейін ол бүкіл интернет пайдаланушыларының ашуын туғызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары