Бұндай болжамды қатардағы сарапшы емес, мемлекеттің ең ірі активтерін басқарып отырған «Самұрық- Қазынаның» топ-менеджерлері жасап отыр деп жазады KTK.
Қордың басқарма мүшесі Елена Бахмутованың болжамынша, мұнай баррелі 20 долларға түссе, бір доллар 420 теңге болады. Ал егер мұнай 25 долларға төмендесе, АҚШ ақшасының құны 400 теңгенің шамасында тұрақтамақ. Бахмутованың есебінше, геосаяси жағдай жақсы жағына өзгеріп «қара алтын» 35 долларға дейін көтерілсе, шетел валютасы 380 теңгеге төмендеуі мүмкін. «Самұрық-Қазынаның» экономикадағы шынайы ахуалды білетінін ескерсек, доллар 420 теңгеге жетеді деген болжамына сенуге болатын сияқты. Бірақ Үкімет мұнай 20 долларға түссе, тиісті сценариіміз дайын деп отыр. Министрліктермен бірге «Самұрық–Қазынада» шығындарын жаппай қысқартуға көшкен. Ал тамыз айынан бері 100 пайыз құлдыраған теңгенің курсы бүгін 377 теңгеге жетті. Десек те, соңғы күндері теңге сәл де болса күшейіп келеді.