$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін еліміздің басым аумағында күн жауын-шашынды

Бүгін еліміздің басым аумағында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болады. Тек, батыс пен шығыс облыстарда ғана күн ашық. Сондай-ақ, республиканың бірқатар аймағына тұман түсіп, дауылды жел тұрады және жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел 15-20 секундтық жылдамдықпен соғып, кей жерлерде қатты аяз болады.

Маңғыстау, Қызылорда, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Қызылорда жолдарында көктайғақ болады деп күтілуде.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да тұманды, көктайғақ болып, жел күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында күн аязды, мұнда да дауылды жел тұрады.

Алматы облысының кейі жерлеріне тұман түседі, жолдар көктайғақ. Жалаңашкөл аумағында жел күші секундына 23-28 метр, түнде 30 метрге дейінгі жылдамдықпен соғады.

Алматыда термометр бағаны күндіз -2 градус нөлден төмен, күн бұлтты.

Астанада -12 градус аяз, қар жауады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары