$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында 5 адам мінген тікұшақ жоғалып кетті

Алматы облысында бес жолаушысы бар тікұшақ жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Қолда бар мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында бес адам болған. Қазақстанның ІІМ-нің бұйрығы бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына жеке құрамның 75 адамы бар іздеу тобы және техниканың 11 данасы жөнелтілді. Оның ішінде облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының, Талдықорған қаласы мен Қарабұлақ ауылының үш өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары бар.

Сонымен қатар, ТЖК мәліметінше, құтқару жұмыстарына облыстық ІІД, 2 аудандық ішкі істер бөлімінің күштері, Талдықорған гарнизонының ұлттық ұланының әскерилері тартылған. Ақпараттық және психологиялық көмек көрсету мақсатында Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіде жедел желі телефоны іске қосылды: 8-7282-220460. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары